- «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 4 мамыр сағат 11.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 105 кабинет мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:
ЛОТ № 1
«Талдықорған қ. (Жетісу облысы) – Өскемен қ. (Шығыс-Қазақстан облысы) маусымдық»
ЛОТ № 2
№ 881 «Жаркент қ. (Панфилов ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал».
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 109 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылғы 17 сәуір сағат 10.00.
- 2026 жылғы 3 сәуір сағат 11.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефон: 8/7282/32-90-08, электрондық пошта: razvitiedor19@mail.ru
Басқарма басшысының
орынбасары А. Досжанов