
2026 жылғы 16 наурызда Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мүдделер қақтығысына және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары заңдылық, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауаптылықтың бұлтартпастығы болып табылатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік тәртіпті қатаң сақтауға, лауазымдық міндеттерін адал атқаруға және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті екендігі көрсетілді.
Іс-шара аясында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
Кеңес қорытындысы бойынша қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар айқындалды. Атап айтқанда, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мониторингті күшейту және басқарма қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету көзделген.
Басқарма адалдық, заңдылық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.