
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақ-жауаптар тізбесі
|
№ |
Санаты |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
Жетісу облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
||||||
|
1 |
Жол, көлік және байланыс |
Жолдардағы шұңқырларды жөндеу, жолдарды абаттандыру, елді мекен мен қалалардың аумақтарын күтіп ұстау және жинау кімнің құзырында? |
Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес облыстар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуге жауапты органдар болып табылады. |
Автомобиль жолдарды күтіп ұстау, жинау «Автомобиль жолдар туралы» ҚР Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарауында және коммуналдық меншік болып табылады. Осыған байланысты, елді мекендер мен қалалардың көшелерін салу және жөндеу мәселесі жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатады. |
http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z010000245_
|
Жолдардағы шұңқырлар жолдарды жөндеу
|
|
2 |
Жол, көлік және байланыс |
Пайдаланылған және пайдаланылмаған шетелдік автотасымалдауға рұқсат бланкілерін қайтару мерзімі қандай? |
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен бекітілген «Халықаралық қатынаста ҚР автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолдану» қағидаларына сәйкес. ҚР автотасымалдарға пайдаланылған және пайдаланылмаған шетелдік рұқсат бланкілері үшін қайтарудың бірыңғай мерзімі белгіленген: Автокөлік құралы Қазақстан аумағына автомобиль өткізу пункттері арқылы нақты кірген сәттен бастап күнтізбелік 30 күн (Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін қоспағанда) |
Қазақстан Республикасында шетелдік рұқсат бланкілерін (ШРБ) халықаралық автотасымалдарға қайтару тәртібі мен мерзімдері ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында» белгіленген. ШРБ-ны қайтарудың негізгі мерзімі • Пайдаланылған және пайдаланылмаған бланкілер автокөлік құралы Қазақстан аумағына автомобиль өткізу пункттері арқылы кірген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей оларды беру орны бойынша аумақтық органға қайтарылуы тиіс. Мерзімді санау • Есептеу Қазақстанның мемлекеттік шекарасын нақты кесіп өткен күннен бастап жүргізіледі. Қайтару тәртібі 1. Қағидаларда көзделген мәліметтерді (ИДБ деректері, бағыты, тасымалдаушының атауы) көрсете отырып, ілеспе хат беру. 2. Растайтын құжаттар (халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарының, CMR және т.б. көшірмелері) қоса берілсін. 3. Барлығын аумақтық көліктік бақылау инспекциясына (жеке немесе кеңсе арқылы) ұсыну. Мерзімінде қайтарылмаған бланкілер қайтарылмаған болып есептеледі. «Рұқсаттар» АӨҚ жүйесінде бұзушылық туралы белгі қалыптастырылады. Қайталанған бұзушылықтар кезінде: көлік құралына жаңа ШРБ беруден бас тарту, жүйеге кіруді уақытша тоқтата тұру - 2 айдан 6 айға дейін. Шетелдік рұқсаттарды жоғалтқан жағдайда (күнтізбелік жыл ішінде 3 (үштен) артық емес) автокөлік құралы жанған кезде жойылу не оны шет мемлекеттердің бақылаушы органдары алып қою салдарынан жоғалған рұқсаттар бұзушылықсыз қайтарылғандар ретінде ескеріледі. Қайтаруды жүзеге асырған жағдайда тасымалдаушының рұқсаттың келесі бланкілерін алуға құқығы бар. |
ШРБ-ны қайтару шетелдік рұқсат бланкілері
|
|
|
3 |
Жол, көлік және байланыс |
Рұқсат карточкаларын алу үшін диаграммалық дискісі (шайбасы) бар тахографты пайдалану кезінде жүргізуші карточкасы талап етіле ме? |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығымен бекітілген «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану туралы» қағидаларға сәйкес. Жүргізуші карточкасы электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде ғана талап етіледі. |
«Автомобильмен тасымалдаушыларды жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығының 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес. Көрсетілетін қызметті алушылар рұқсатты шетелдік рұқсатты қолданбай алған күннен бастап алты ай өткен соң шетелдік рұқсатты қолдана отырып алады. Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын алты ай ішінде жүзеге асыру мерзімі соңғы алты айдағы мынадай құжаттармен расталады: - электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші карточкаларымен анықталады.
|
Жүргізуші карточкасы |
|