2025 жылғы 29 тамызда Жетісу облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға басқарманың басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Негізгі баяндамашы ретінде әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Д. Жанадилов сөз сөйлеп, органның бақылау функциялары саласындағы негізгі бағыттарына, Жетісу облысы аумағында жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары саласын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына, сондай-ақ мемлекеттік және қызметтік міндеттердің орындалу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Өз сөзінде Д. Жанадилов сыбайлас жемқорлық мемлекеттік құрылыстың негіздерін шайқалтатынын, елдің экономикалық дамуына зиян келтіретінін және билік институттарына қоғамның сенімін төмендететінін ерекше атап өтті. Осыған байланысты әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Конституциясының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілер әдеп кодексінің талаптарын қатаң және мүлтіксіз сақтауы қажет.
Баяндамашы мемлекеттік қызметшілердің келесі міндеттерін түсіндірді:
Қызметкерлердің адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау бойынша жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілердің ойын-сауық мекемелеріне (құмар ойын орындарына) баруының жол берілмейтіні түсіндірілді, себебі мұндай әрекеттер олардың мәртебесіне сәйкес келмейді және мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіреді.
Сонымен қатар, мемлекеттің зайырлылық қағидатын сақтау қажеттілігіне көңіл бөлінді: мемлекеттік қызметшілер әріптестеріне және бағыныштыларына діни көзқарастарын таңуға, сондай-ақ оларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер азаматтардың құқықтарын бұзады және Қазақстан Республикасының Конституциясына әрі заңнамасына қайшы келеді.
Кеңестің қорытындысында басқарма басшысы Г. Дарибаев автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалы саласындағы мемлекеттік саясаттың табысты іске асырылуы құқықтық мәдениет деңгейіне, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі мен мінсіз беделіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік тәртіпті нығайту жетекшілердің де, бүкіл ұжымның да басым міндеттері болып қалуы тиіс.