Тағайындау
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Сәкен Ғалымұлы Түкібаев облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сәкен Ғалымұлы ТҮКІБАЕВ
1991 жылы туған, білімі жоғары. Қазақстан-Британ техникалық университетін «автоматтандыру және басқару», Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «қаржы», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару, өңірлік даму» мамандықтары бойынша бітірген.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын Астана қаласында «МұнайГаз» инжиниринг компаниясы» ЖШС-да инженер болып бастаған. Кейін Талдықорған қаласындағы «ТАТЭК» АҚ экономисі, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы, Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2024 жылдың ақпан айынан Жетісу облысы әкімі аппараты басшысы болған.