Өмірбаян
Мен Жумагалиев Ермек Нагашыбаевич 1990 жылы 30 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келдім.
2008 жылы Алматы қаласының қазақ Ұлдтттық Аграрлық университетіне түсіп, осы оқу орнының Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы бойынша 2012 жылы аяқтап шықтым.
2012 жылы Ақтөбе қаласының Қазақ-Орыс Халықаралық университетіне оқуға түсіп, 2017 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірдім.
2013 жылы Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне түсіп, 2015 жылы ауыл шаруашылығы магистрі болдым.
2013 жылы Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне қарасты әскер кафедрасын аяқтап лейтенант атағын алдым.
2012-2013 жылдары арағылында Ақтөбе қаласы Ақбұлақ АҚ да техникалық бөлімнің инженері қызметін атқардым.
2013-2019 жылдары аралығында Алматы қаласы МКМ Алматы Су мекемесінде Әуезов ауданының инженері қызметін атқардым.
2019-2021 жылдары аралығында Алматы қаласы Энергетика және инфоқұрылымдық басқармасының, су-газбен жабдықтау бөлімінің бас маманынан бастап, бөлім басшысы қызметіне дейін еңбек еттім.
2021-2022 жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданының көріктендіру бөлімінің басшысы қызметін атқардым.
2022-2023 жылдары Алматы қаласы «Арснаб» ЖШС техникалық қадағалау компаниясында директор қызметін атқардым.
2024 жылдан бастап Текелі қаласының канцелерия меңгерушісі қызметін бастап, қазіргі таңда «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысы қызметін уақытша атқарып келемін.
Әкем: Жумагалиев Нағашыбай Сахитжанович 1966 жылы 15 шілде Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады. Қазақстан Республикасының азаматы.
Анам: Жумагалиева Кумускул Ахатаевна 1966 жылы 12 ақпан Түрікменстан мемлекетінің Чарджоу қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады. Қазақстан Республикасының азаматшасы.
Інім: Жумагалиев Алибек Нагашыбаевич 1993 жылы 13 тамыз Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Астана қаласында тұрады. Қазақстан Республикасының азаматы.
Інім: Жумагалиев Олжас Нагашыбаевич 2000 жылы 3 мамыр дүниеге келген. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады. Қазақстан Республикасының азаматы.
Әйелім: Жумагалиева Ақбаян Тасболатқызы 1995 жылы 19 желтоқсан Атырау облысында дүниеге келген. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады. Қазақстан Республикасының азаматшасы.
Ұлым: Нағашыбай Ади Ермекұлы 2015 жылы 2 қыркүйек Алматы қаласында дүниеге келген.
Ұлым: Нағашыбай Әбілмансұр Ермекұлы 2017 жылы 26 қазан Алматы қаласында дүниеге келген.
Ұлым: Нағашыбай Әлім Ермекұлы 2019 жылы 23 қаңтар Алматы қаласында дүниеге келген.
Ұлым: Нағашыбай Омар Ермекұлы 2020 жылы 19 тамыз Алматы қаласында дүниеге келген.
Қызым: Ермекқызы Мәриям 2022 жылы 19 желтоқсан Алматы қаласында дүниеге келген.
Өзім және жақын туысқандарым қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.