НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

200 мың теңге көлемінде 10 шағын грант берілетін «Тазалық марафоны» конкурсы төмендегі номинациялар бойынша өтетіндігі туралы ЕРЕЖЕ:

  1. Ең таза және көгалдандырылған көпқабатты үй

2.Ең таза және көгалдандырылған жеке меншік үй

  1. Ең таза және көгалдандырылған ауыл, кент, қала
  2. Ең таза және көгалдандырылған көше
  3. Ең ұқыпты экобелсенді. Ол өзен, көл жағасы мен тау баурайындағы немесе ормандағы ең лас жерді табуы керек. Сол жерді күл – қоқыстан тазартып, бейнероликке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауы керек.
  4. Тазылыққа жаны құмар әкім. Ол өз территориясында сенбіліктер өткізе отырып, халқын ынталандыруы керек.
  5. Ең таза оқу орны.
  6. Бизнес – нысандағы ең таза және ең әдемі кріберіс.
  7. Ең ұқыпты өнертапқыш – шебер. Ол қалдықтардан жасаған өз жұмысын көрсетуі керек.
  8. Табиғи таза өнімдерді өсіретін ең тиянақты фермер.

Сертификаттар, алғыс хаттар мен гранттар міндетті түрде табысталады.

Іс – шараның мақсаты: Жетісу облысының тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысу.

Жұмыстарға қойылатын талаптар, оларды ұсыну тәртібі, конкурсты өткізу мерзімі.

– Конкурсқа Жетісу облысының 14 және одан жоғары жастағы азаматтары қатыса алады.

– Конкурс 2024 жылғы 15 шілде мен 15 қазан аралығында өткізіледі.

– Қатысушы аты – жөнін, тұрғылықты мекенжайын, ұялы телефон нөмірін көрсете отырып, біздің ұйымға еркін формада өтініш жазады. Конкурсқа ұсынатын объектінің немесе субъектінің фотосуретін (5 дана) және видеосын (60 секунд) қоса жібереді. Құжаттарды ecojetisy@gmail.com электрондық мекен – жайға жібереді:

– Басқалардың авторлық құқығын бұзуға тыйым салынады.

– Байқау қорытындысы 2024 жылдың қазан айында шығарылады. Жеңімпаздарға ақшалай жүлде тек банктегі есеп шотқа аударылады. Конкурсты ұйымдастырушы: «Жасыл ниеттестік» ҮЕҰ

Байланыс телефондары: +7 701 742 60 93, +7 778 4444 303