«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» сурет салу байқауы

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»  сурет салу байқауы

         «Текелі  қаласы  әкімдігінің  қалалық  кітапханасы» КММ  балалармен  жұмыс  істейтін  №1 Филиалының кітапханашысы Д.С.Ербосынова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу мақсатында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты сурет салу байқауын өткізді. Балалар жемқорлық індет екенін, еліміздің ұлттық мүддесіне қауіп төндіретіні туралы сурет арқылы көрсетті. Бұл сурет байқауының мақсаты – балалардың назарын қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оған қарсы күрес мәселесіне аудару.