Текелі қаласындағы балалар алаңының жөңдеу жұмыстары

Текелі қаласындағы балалар алаңының жөңдеу жұмыстары

 Қазір Текелі қаласында «Ағаш-Темір-Бетон-Сервис» ЖШС бірқатар балалар алаңына ағымдағы жөндеу жүргізіп жатыр. Атап айтсақ, «Достық» шағынауданында айналма жолдың маңындағы және Жиделі тұйық көшесіндегі балалар алаңы, «Алатау» шағынауданында Жеңіс көшесіндегі 7, 11, 12, 14, 15-үйлердің алдындағы балалар алаңы ретке келтірілуде. Тапсырыс беруші: қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. Мердігер серіктестіктің телім бастығы Руслан Әбдіхалықов күн райына қарай шағын архитектуралық формаларды сырлап, майысқан жерлерін түзеп жатқандарын айтты. Сонымен қатар олар көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне 160 орындық орнатады.