22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Күн менен түн теңелген 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнін Текелі жұртшылығы ырыс еселенсін деген ізгі тілекпен, сән-салтанатпен қарсы алды. Мерекеге жиналған көпшілікті қала әкімі Алмас Әділ құттықтап, жылы лебізін арнады. Театрландырылған көрініс, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерт Наурыз мейрамының шырайын аша түсті.