«Қазақ аналары – дәстүрге жол»

2023 жылғы 19 маусымда ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жүгінісова Айнұр Серікқызымен кездесу өткізілді. Кездесуде отбасылық құндылықтар, қазақ кимешегінің қасиеті, әйел-ананың отбасындағы, қоғамдағы рөлі, тәрбиелік-танымдық мәселелер, әйелдердің жеке тұлғалық өсуі, рухани дамуы туралы айтылды. Шараны ұйымдастыруға аталған ұйымның Жетісу облыстық филиалының төрайымы Гүлназ Мұстапа мұрындық болып, «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті. «Абзал ана отауы» әжелер халықтық ансамблі ән-жыр айтып, ұлттық киім үлгілерінің таныстырылымын көрсетті.