Салауатты өмір салтының маңызды аспектілерінің бірі-есірткіден, темекі шегуден, алкогольден саналы түрде бас тарту.
Жаман әдеттер кең таралуда, жыл сайын нашақорлық, алкоголь және темекі өнімдері «жасаруда». Мектепте және басқа оқу орындарында жаман әдеттердің алдын алу балаларға қол жетімді түрде және міндетті жүзеге асырылуы керек.
06-09 ақпан аралығында Текелі қаласының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссия мүшелерінің, «Делай добро Текели» еріктілер қозғалысының қатысуымен «Біз есірткіге қарсымыз!» атты науқан жарияланды.
Көптеген жасөспірімдер есірткі мен алкогольді стресстік жағдайдан аулақ болу тәсілі ретінде қарастырады.
Осы бағыттағы жұмыстың жалпы мақсаты-баланы өз іс-әрекеттерін объективті бағалауға үйрету ғана емес (өз жасының ерекшеліктеріне сәйкес), оның мүмкіндіктері мен күштеріне деген сенімді дамыту, қиын өмірлік жағдайға тап болған кезеңде жауап беру және өз таңдауын дұрыс жасау.