«Мектепке жол» акциясында Жетісу облысында 14 мыңнан астам балаға материалдық көмек көрсетіледі

«Мектепке жол» акциясында Жетісу облысында 14 мыңнан астам балаға материалдық көмек көрсетіледі

Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды қолдау мақсатында биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамыз – 30 қырқүйек аралығында өтеді. Бүгінде аудан, қалаларда көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалып, акцияны ұйымдастыру жұмыстары жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда. Айта кетерлігі Жетісу облысында 32663 - көп балалы, 12398 - аз қамтылған, 429 – сәтсіз отбасының, 775 - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.
«Балаларға жақсылық сыйла!», «Ауыл балаларына-мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасына көмектеседі: баланы мектепке жинайық!» қайырымдылық акцияларын ұйымдастыра отырып, атаулы көмек көрсету үшін мектепке дайындық кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, бизнес-құрылымдары бекітілуде»-, деп атап өтті орта білім беруді дамыту, қорғаншылық және қамқоршылық, тәрбие жұмысы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ахметова Гулмира Тойғанбекқызы.
Биыл облыс бойынша 14000 аса бала 360 млн. теңгеге қыстық киім, мектеп формасы және мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Айта кетерлігі тамыздың 1-нен бастап әр онкүндік сайын басқарма тарапынан акцияның өткізілуі бойынша мониторинг жүргізілетін болады.