Текелі қаласының әкімі Б.Молдахметов кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен кездесті.

Текелі қаласының әкімі Б.Молдахметов кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу (еңбек дауларының туындау тәуекелдері, жалақы бойынша берешек, зейнетақы жарналарын төлемеу, еңбек шарттарын жасасу, қызметкерлерді жұмыстан босату, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі), жұмысшылардың жалақысын арттыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығы директорының м.а. Ж. Қапалов 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба (қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, ұрпақтар келісімшарты, күміс жас) бойынша түсіндірді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ысқақова жыл сайынғы "Еңбек жолы" байқауының ережесімен таныстырып, аталған байқауға қатысуға шақырды.