Бүгін 20.05.2022 ж. Текелі қаласында антитеррорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.

Бүгін 20.05.2022 ж. Текелі қаласында антитеррорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығуға қалалық жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылады.
Оқу-жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән беріледі. Ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу жұмыстарымен қатар оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қажетті уақытында ұйымдастырылады.Уақытша ыңғайсыздыққа түсіністікпен қарап, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, Текелі қаласы тұрғындарының назарына ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін жеткіземіз.