#Республикалық_ референдум

#Республикалық_ референдум

Текелі қалалық мәслихатының депутаты, қалалық қоғамдық штаб мүшесі В. Кубрак «Текелі сүт зауыты» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Конституциясына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы айтылып, реформаның негіздері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, Жаңа Қазақстанның болашағы өз қолымызда екенін айтып, 2022 жылдың 5 маусымында өтетін Республикалық референдумға қатысуға шақырды.