Бизнес неден басталады

Бизнес неден басталады

Бизнес неден басталады
Орталық Азия университетінде Текелі қалалық кәсіпкерлер палатасы мен Текелі қаласының іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарға Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Александр Кузнецов, қалалық филиал директоры Тұрысбек Жұмаділов және салық саласының өкілі қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: өз тұтынушысын қалай таңдау, табу және ұстау. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық аспектілері: тіркеу және лицензиялау процесі, еңбек қатынастары, кәсіпкердің бақылаушы ұйымдармен өзара қарым-қатынасы, сыртқы-экономикалық қызметтің ерекшеліктері туралы толық айтылды. Сондай-ақ, бизнес жоспар құру, қызметкерлерді басқару, маркетингтік шешімдер бойынша практикалық кеңестер берілді.
Жас кәсіпкерлер өздерінің бизнес идеяларымен бөлісіп, өз жоспарлары туралы айтып, мамандардың кеңестерін алды