
Есіңізде сақтаңыз!
Өрт әрқашанда бақылаудан шығып кеткен жағдайда адамға қандай әсер тигізетіндігін бәрімізге белгілі. Тілсіз жау жол бойындағы нәрселерді жойып, тек қана көптеген материалдық шығын әкелмейді, ол адам өміріне зиян немесе өмірін қиып кетуі мүмкін.
Көбінесе өрттер электр жүйелердің қысқа түйықталуынан, қызып тұрған электр жабдықтардың қасында орналасқан заттар мен материалдардың қызғаннан және материалдардың балқыуынан, немесе электр кернеулігі аз болғандықтан пайда болады.
Қысқа тұйықталу дегеніміз машиналардың немесе аппараттардың электр жабдықтардың апаттық режимге келуі соның ішінде электр жүйелердің кернеулігі аз болған жағдайда және оның қосылып кетуіне жағдай туғызатын жұмыстық режимді атаймыз.
Өрттің негізгі себептерінің бірі электр жүйелерін құру мен пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан.
Сондықтан жоғарыда айтылғандарға байналысты, әрбір азамат өз отбасыларыңызға барынша жауапкершілікпен қарау керек, немқұрайлы қарау қайғылы аяқталады.
Өрттен абай болыңыздар ағайын!
Қ.Асылбаев, Текелі қаласы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты