ӨНЕР САЙЫСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ӨНЕР САЙЫСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

27 желтоқсан күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысы Әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Дарындар іске!» атты ІІ облыстық мүмкіндігі шектеулі жандардың арасындағы өткен байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға 17 аудан, 3 қаладан барлығы 57 өнерпаз қатысып, қорытынды сынға 21 үміткер жолдама алды.

Байқаудың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бойындағы дарынын анықтап, сол арқылы бизнестерін құруға ықпал ету, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, қанаттандыру. Сонымен қатар, азаматтардың жұмысқа тұруына ықпал ету, бизнес бастау және оны қалай құру бойынша сабақ алу, кәсіби сауаттылықтарын арттыру, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Байқау жобасының шарты бойынша 18 мен 45 жас аралығындағы дарынды азаматтар қатысып өз өнерлерін көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтар мен дипломдар табысталды.. Екі номинация бойынша облыс әкімінің Алғыс хаттары мен жүлделі Дипломдармен марапатталды. Өнер алманына қаламыздан
Арғын Нұрдана қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.
Мерекелік шара соңы ән шашумен жалғасты.