Бүгін қаламызда каратэ шинкиокушинкайдан ашық біріншілік басталды.
Турнирдің ашылуына Текелі қаласы әкімінің орынбасары Даркенбаев Тәңірберген Садықұлы, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Тугулбаев Бауыржан Ертайұлы және жаттықтырушылар мен бапкерлер қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.