Алматы облысы «қызыл аймақта»

Алматы облысы «қызыл аймақта»

Соңғы тәулікте өңірде Covid-19 158 жағдайы тіркелді. Өсім қарқыны - 0,3% құрады. Оқушылар арасында 18 жағдай, студенттер арасында 6 жағдай және мұғалімдер арасында 5 жағдай анықталды.
Ауданда КВИ аурушаңдығы: Алакөл-14, Балқаш– 2, Еңбекшіқазақ-15, Ескелді-9, Жамбыл-5, Іле-3, Қарасай-13, Қаратал-11, Кеген-2, Кербұлақ-1, Көксу - 5, Панфилов-27, Сарқан-3, Талғар–10, Ұйғыр–8, Талдықорған-20, Текелі-7, Қапшағай қаласы-3.
21 қазандағы жағдай бойынша облыста барлығы 54 297 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 40 202 белгілері бар.