Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

"Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жаскәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурсқа қатыса алады.

Қаражат 2 млн. теңгеден 5 млн.теңгеге дейін қайтарымсыз ұсынылады. Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша конкурстың қатусышысы бола алады.

Міндетті шарттары:

- Берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде
бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін міндетті емес) бірлесе қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

- жаңа жұмыс орындарын құру;

- инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы;

Кәсіпкерлер мемлекеттік гранттың қаражаты жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін пайдаланады:

- тауарларды шығаруға немесе қызметтерді көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, шикізатты және материалды сатып алу;

- материалдық емес активтерді, технологияларды, кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;

- зерттеу жұмыстарымен және жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды:

- жылжымайтын мүлікті немесе жер учаскесін сатып алуға, жалдау ақысы ретінде, үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан негізгі активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға, жұмыстарды орындауға); 

- бұрын қолданыста болған жабдықтарды сатып алуға пайдалануға болмайды.

Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлікті сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына
қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы жүзеге асырылады.

Мынадай кәсіпкерлерге гранттар берілмейді:

1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы,
сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;  

2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;  

4) мемлекеттік грантты алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен,
бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда) кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер өтінімді «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-не өткізеді. Өтінімге қосымша келесі құжаттарды тіркейді:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) akimat@zhetysu.gov.kz, www.industry.gov.kz веб-порталында орналастыратын нысанға сәйкес мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;  

4) жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

5) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;

 6) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;  

7) ескіру мерзімі екі жылдан аспайтын, Бағдарламаның немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған);

9) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда);

10) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.   

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қ., Қабанбай батыр көш., 26 - жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. "01" қарашадан бастап 2021 ж. "10" қараша аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен). 2021 ж. 10 қараша - сағат 13.00 (жергілікті уақытпен).

 

Өтінімдерді  беру басталатын күні  мен уақыты: 2021 ж. "01" қараша сағат 10.00 (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2021 ж. "10" қараша сағат 13.00 (жергілікті уақытпен). 

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.  

Осы хабарландыру мен конкурстық құжаттамамен www.industry.gov.kz және www.dkb2020.kz сайттарында танысуға болады.

Байланыс телефоны: 8 (7282) 329558; 8 (7282) 329568.

Маңызды!

Құрметті қатысушылар!

Конкурстық іріктеуге қатысу кезінде, сондай-ақ құжаттарды тапсыру кезінде cізден Алматы облысы Бас санитарлық дәрігерінің 02.03.2021 жылғы №4 қаулысына сәйкес карантиндік шараларды сақтауыңызды сұраймыз.

 

Жүктеу:

Өтінім

Керекті құжаттар

Хабарландыру

Шарттары

ЭҚЖЖ-2025

Қаулы