Бүгін қала әкімі Батыр Молдахметов қаламыздың жас спортшыларымен кездесіп, Алғыс хат табыстады.

Бүгін қала әкімі Батыр Молдахметов қаламыздың жас спортшыларымен кездесіп, Алғыс хат табыстады.

Спорт – денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді. Осы үдеден шығып жүрген қала спортшылары биік белестерді бағындыруда.
Бүгін қала әкімі Батыр Молдахметов қаламыздың жас спортшыларымен кездесіп, Алғыс хат табыстады.
Қаламыздың спорттық әлеуетін дамытып, қол күрестен жүлделі орын иеленіп жүрген спортшылар Ынтымақ Әленбек пен Айдар Напихановты жеке қабылдаған қала басшысы олардың спорт саласына сіңіріп келе жатқан қажырлы еңбектеріне ризашылығын білдірді.
Кездесуде жас спортшылар спорттағы жетістіктерін айтып, бұдан да жоғарғы белестерді бағындыруға ниетті екендіктерін жеткізді.