Құрметті текеліліктер және қала қонақтары!

Құрметті текеліліктер және қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтетін "Жетісу - Ұлы Жібек жолының жаңғыруы" атты қолөнер этнофестиваліне шақырамыз!
Қолөнер этнофестивалінде 9 аталым бойынша «Текелі кәдесыйлары» байқауы ұйымдастырылады. Алматы облысының 30-дан астам қолөнер шеберлерінің әшекей бұйымдарының, киіз және жібек матадан тоқылған, тігілген бұйымдары мен былғарыдан жасалған заттардың, музыкалық аспаптар мен гастрономиялық өнімдердің көрмесі ұсынылады. «Қазақстан агротуризмі қауымдастығының» спикерлері тұрғындары мен фестиваль қонақтарына агротуризм бойынша кіріспе курсын өткізеді.
Ұйымдастырушылар: Текелі қаласының әкімдігі, «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі мен Алматы облысының Іскер әйелдер кеңесі, Текелі қаласының кәсіпкерлер палатасы.
Өтетін мерзімі: 16 қазан, сағат: 11.00;
Өтетін орны: Текелі қаласы, Абай атындағы амфитеатр.