НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында жобалар байқауын өткізуде. Байқауға облысымыздың әрбір өңірінен студенттер және жоғары оқу орындарының магистранттары қатыса алады.
Конкурстың негізгі мақсаты, азаматтық қоғамды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін шешуде институттардың әлеуетін тарту.
Конкурстық жұмыстарды іріктеу критерийлері:
- Жобаның байқау мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
- Негізгі идеяның өзектілігі мен креативтілігі;
- Жобаны одан әрі дамыту мүмкіндігі.
Өтінімдер 2021 жылдың 14 қазан және 14 қараша аралығында қабылданады.
Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер Талдықорған қ-сы, Қабанбай батыр к-сі №36/42 мекен-жайы бойынша Департаментке немесе obl.777@mail.ru электрондық поштасына жолдануы тиісті.
Қорытындылау кезеңінде үздік деп таныған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Үздік байқау жұмыстары Агенттіктің аумақтық департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.