«Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

«Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

лматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығы жыл сайын "Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін» ұйымдастырып, 2021 жылы байқаудың  жеңімпаздарын айқындады.

       Байқаудың мақсаты - азаматтық қоғамды дамыту, оның институттарының әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту, одан әрі start up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.

 

Байқау екі кезеңде, 5  номинация бойынша өтті: 

- "Тең мүмкіндіктер қоғамы";

- "Әлеуметтік кәсіпкерлік";

 - "Қоршаған ортамен үйлесімде";

- "Ауылдық өмір";

- "Жастарға бастау".

Биылғы 2021 жылы өткен Байқауға 50 астам өтініштер түсіп, арнайы критерийлер бойынша ең үздік 10 жоба анықталды. Яғни, жалпы Қоры – 10 000 000 теңге, оның ішінде 1 000 000 теңгеден 10 жоба қаржыланды. Шағын гранттар үшін бөлінген қаражат әлеуметтік жобаны іске асыру үшін техникалық база және материалдық көмек түрінде беріледі.