Текелілік футбол командасы жеңімпаз атанды

Текелілік футбол командасы жеңімпаз атанды

Текелілік футбол командасы жеңімпаз атанды 

 Алматы облысы дін істері басқармасы мен Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының  ұйымдастыруымен өткізілген «Дін істері басқармасы кубогы» атты шағын футбол турнирі аяқталды.

Аталған шара ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығына орай аудан, қала мешітінің жамағаттары арасында өткізілді.

Турнирге өңірдің аудан, қала мешіттері жамағаттарынан құралған 15 команда қатысып, олардың ішінен 6 команда финалда бақ сынады. Үздік деп танылып, топ жарған  Текелі мешітінің жамағаты І орынды жеңіп алып, 400 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар аттанып, ерекше ойын көрсеткен 3 командаға арнайы ақшалай жүлде табысталды.

«Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әр аудан, қаладан келген әріптестерімізбен тәжірбие алмасып, қызықты ойын өтті. Командамызбен ақылдаса келе жеңіп алған ақшалай қаражатымызды қаламыздағы мешіт құрылысына жұмсауды ұйғардық»,- дейді команда капитаны Ж.Қапалов.

 Турнирдің жабылу салтанатына Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Б.Ниет, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаев пен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы А.Данағұлов қатысып, құттықтау тілектерін жеткізді.