Облыс депутаттары Жолдаудың іске асуын бақылауға алады

Облыс депутаттары Жолдаудың іске асуын бақылауға алады

Облыс депутаттары Жолдаудың іске асуын бақылауға алады

3 қыркүйек күні Алматы облыстық тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы өтті.

Әлеуметтік нысандардағы бірқатар өзекті мәселелері, білім саласындағы оқу жылының барысы, сонымен қатар, Жолдауды іске асыруда депутаттарымен алдағы мақсат-міндеттер айқындалды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауда экология мәселесінде ауаның тазалығы, газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіру қажеттігін атап өтті. Осы орайда, комиссия отырысында облыстық тұрғын-үй коммуналды шаруашылық басқармасы басшылығының есебі тыңдалды.

Жылу өндіруші кәсіпорындарында 3 қазандық (Талдықорған қаласындағы №2 және 5 кварталдық қазандық, Ескелді ауданындағы 1 орталық қазандық) табиғи газға ауыстырылуда, бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді.

Ал осы игі бастаманың іске асуына депутаттық корпус өз күш-жігерін салып, бақылауға алмақ.

Сонымен қатар, Президент 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салыну қажеттігін атап өтті. Осы орайда, депутаттарымыз өңірде жалпы 30-ден аса аурухана, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы, күрделі жөндеуі барысына мониторинг жүргізді.

Көшпелі отырыс соңынан депутаттармен бірге Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандарындағы бірқатар әлеуметтік нысандар құрылыс-жөндеулерін депутаттық мониторинг жасап, мердігер мекемелерге анықталған кемшіліктерді жою бағытында ұсыныс-ескертпелер берілді.