Текелі қаласының әкімі Б.Молдахметовтың Отбасы күнімен құттықтауы

Текелі қаласының әкімі Б.Молдахметовтың Отбасы күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды бүгінгі Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы – бақыт пен шаттықтың, берекелі бірліктің алтын қазығы.
"Отанды сүю отбасынан басталады" демекші, алтын ұямызда Отанға деген ыстық ықылас пен сүйіспеншілік қалыптасады.

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!