Құрметті Текелі қаласының тұрғындары!

Құрметті Текелі қаласының тұрғындары!

2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін ұлттық халық санағы он-лайн режимінде басталады. Санақтан өз бетінше, интернет арқылы өз компьютерлерінен немесе смартфондарынан өтуді қалайтындар sanaq.gov.kz порталда жасай алады. Бұл сайтта санақ парақтарын толтыру бойынша егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық орналастырылған. Ол үшін сайтқа тіркеліп, белсендіру коды келетін электрондық пошта мекенжайы болуы керек. Интернетке қол жеткізе алмағандар үшін онлайн-санақты Текелі қаласының мекен-жайлары бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету орталықтарында өтуге болады: Жеңіс көшесі 3үй, 2 п. (Текелі қ. статистика басқармасы), Абылай Хан көшесі 34 үй (сервистік әкімдік). Интервьюерлер өз жұмысын ағымдағы жылғы 1-30 қазан аралығында бастайды.

Анықтама телефондары бойынша: 4-20-46 жұмыс уақытында, 88000800878 тәулік бойы, қалалық телефондардан тегін.