Хабарлама Рудничный ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы Текелі қаласы

Хабарлама Рудничный ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы Текелі қаласы

Хабарлама

Рудничный ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы

Текелі қаласы

 

          2021 жылғы 25 шілдеде Рудничный сайлау округі бойынша Рудничный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

         Текелі қалалық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Текелі қаласының Рудничный ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 733 азамат енгізілді, олардың 685-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 27, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Вишняков Сергей Дмитриевич - 432 адам (65,9%)

          Дәуренбаев Марат Өмірбекұлы – 67 адам  (10,2%)

Сәтбақов Нұржан Оразбекұлы- 157 адам  (23,9 %)

 

          Дауыс беру қорытындысы бойынша 1979 жылы туған Вишняков Сергей Дмитриевич Рудничный ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкімі, Рудничный ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Текелі қалалық аумақтық сайлау комиссиясы