Жаңа соттар ашылады

Жаңа соттар ашылады

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылы алғашқы Жолдауында әкімшілік әділетті енгізуді тапсырды.

Осы орайда  2021 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізіледі.

Президент Жарлығымен мемлекетіміздің әр өңірінде 21 жаңа әкімшілік сот құрылды, оның ішінде Алматы облысында: Талдықорған мен Қаскелең қалаларында жаңа соттар ашылады. 

Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы,  53А (Алматы облыстық сотының ғимаратында);
Алматы облысы бойынша №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мекен-жайы: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Б.Момышұлы, 5 (Қарасай аудандық сотының ғимаратында).