Ұлттық халық санағының дайындық кезеңінің аяқталуы туралы.

Ұлттық халық санағының дайындық кезеңінің аяқталуы туралы.

Ұлттық халық санағының дайындық кезеңінің аяқталуы туралы.

 

Текелі қаласында тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау бойынша халық санағының дайындық кезеңі аяқталды. Алынған деректерді жинау және өңдеу автоматтандырылған "аудандастыру" жұмыс орны және планшеттегі "аудандастыру үшін деректерді жинау" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылды. Жұмыстар 1-30 маусым аралығында жүргізілді, оған 1 кезеңнің 11 интервьюері, 2 нұсқаушы бақылаушы және ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі 2 уәкіл қатысты. Уақытша санақ қызметкерлері жиналған ақпаратты енгізуге арналған арнайы мобильді қосымшадағы планшетте жұмыс істеуге оқытылды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша интервьюерлер Текелі қаласы мен Рудничный ауылындағы 12 498 үйді аралап шықты. Дайындық кезеңінің негізінде аудандастыру жүргізіледі, яғни 2021 жылдың қыркүйек – қазан айларында санақтың негізгі кезеңін одан әрі жүргізу үшін Текелі қалалық әкімшілігінің аумағын нұсқаушы және есеп учаскелеріне бөлу жүргізіледі.

 

Текелі қаласының статистика басқармасы