ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?

ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?

ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?

Оңай!

Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі:

1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз

2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз

3. «Жеке куәлік» таңдаңыз 4. ЖСН енгізіңіз

5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз

6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз

7. Парольді орнатыңыз

8. ЭЦҚ қолдануға дайын Маңызды!

Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз.

Құрметті аудан, қала тұрғындары! делдардардың қызметіне жүгінбеулерінізді сұраймыз. ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндіреміз. Көпшілігіңіз "Делдалдардың" немесе Egov.kz-тен қызметті алу үшін ақысына көмектесуге дайын компанияларды кездестіргеніңіз сөзсіз. Мұндайда алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Олар сіздің жеке кабинетіңізге кіру арқылы келесі әрекетке бара алады:

  • заңды және қаржылық мәмілелер жасау;
  • - сіздің көлігіңізді немесе жылжымайтын мүлікті басқа адамға қайта ресімдеу;
  • - сіздің тұрғын үйіңізге бейтаныс адамды тіркей алады.

Егер өз ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, бірден жаңасын жасатыңыз және "ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының" жеке кабинеті арқылы жоғалған кілттерді қайтарып алыңыз. Есіңізде болсын! Әр ХҚО-да өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда фронт-офис қызметкерлері сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді портал арқылы тегін алуға көмектеседі. Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкіметтің" ресми Youtube-арнасында ең танымал мемлекеттік қызметтер бойынша бейне нұсқаулықтар бар.