Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.⠀

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.⠀

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.⠀ ⠀

Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀ ⠀

eGov.kz порталы арқылы:⠀

1. eGov.kz порталына кіріңіз;⠀

2. Іздеу жүйесі арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" қызметін табыңыз;⠀

3. Қызметті онлайн сұраңыз;⠀

4. Мекенжай деректерін растаңыз;⠀

5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀

6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀

7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.

Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;

ХҚО арқылы:⠀

1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;⠀

2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;⠀

3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀ ⠀

Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет - оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.⠀