Қайырлы күн

Қайырлы күн

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ алуға көмектесетін жеке менеджер туралы айтамыз.

📌Ең алдымен ХҚО-ға барып жеке менеджермен келісімшартқа отырыңыз

📌Қажетті қызметтер тізімін ұсынып, қызмет құнын төлеңіз

☝️Келісім-шартқа отырған сәттен бастап сіз:

✔️Уақытыңызды үнемдейсіз;

✔️Құжаттарды рәсімдеу машақатынан құтыласыз;

✔️Халық көп шоғырланатын жерге бармайсыз;

✔️Қызмет нәтижесін сіз айтқан жерге дейін әкеліп береді;

✔️Келісім шартты 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады.

Есіңізде болсын❗️

💰Қызмет құны сізге қажет қызметтер тізімі мен қызметтің күрделілігіне қарай бағалар прейскурантына сәйкес тағайындалады.

💰Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, төлемді бірден жүзеге асыруыңыз керек.

💰Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, қызмет ақысын атқарылған жұмыс актісіне сәйкес төлейсіз.