"Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асырудың басталуы туралы ақпарат

"Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асырудың басталуы туралы ақпарат

   Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді 2021 жылғы 20 ақпаннан бастап 10 наурыз аралығында 2022 жылы іске асыру үшін "халық қатысатын бюджет" жобасы шеңберінде ұсыныстар қабылдау жүзеге асырылатын туралы хабарлаймыз. Осы жоба шеңберінде азаматтар "Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ әкімшісі болып табылатын іс-шаралар бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.

   Жобаның мақсаты-тұрғындардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша қаланы дамыту және абаттандыру.

   Өз ұсыныстарын Текелі қаласының кәмелетке толған барлық тұрғындары жібере алады. Ұсыныстарды Текелі қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде жіберуге болады. Қала тұрғындарының жария дауыс беруі іске асырылатын жобаларды анықтайды.

   Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру қажет (жобаның атауын, оның сипаттамасын, объектінің мекенжайын көрсету), эскиз бен сметаны (болжамды болуы мүмкін), ағымдағы жай-күйдің фотосуреттерін қоса беру, қалауы бойынша презентацияны бекіту қажет. Осы бөлімде осы жобаның ережелері, үлгілік жобалық ұсыныс, жоба бойынша іс-шаралардың мерзімдері, Сараптамалық кеңестің құрамы көрсетіледі.

   Жобаларға Текелі қаласының кәмелетке толған тұрғындары ұсынылған жоба ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурста электрондық түрде дауыс бере алады. Дауыс беру нәтижесі негізінде сараптамалық кеңес тиісті шешім шығарады. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланады. " Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі " ММ сараптамалық кеңесінің шешімі негізінде жоба ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.

   Жоба ұсыныстардың іске асырылу барысы, сондай-ақ олардың іске асырылу қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

   Қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен тұрғындар жоба ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысуға және мониторинг жүргізуге құқылы.