Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қалалық ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы

Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қалалық ведомствоаралық  штабтың кезекті отырысы

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі Текелі қаласында қала әкімі А.Бекетаев төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.

      Отырыс барысында Текелі қаласы мен Рудничный а/о аумағында есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу, нашақорлықтың таралуының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселелері қаралды.