
Ағымдағы жылдың 29 маусымда Текелі қаласында қала әкімі А.Әділ төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Текелі қаласы мен Рудничный а/о аумағында есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу, нашақорлықтың таралуының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселелері қаралды.