3 маусым күні Текелі қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай теңіз деңгейінен 1332 метр биіктікте орналасқан «Аю табан» туристік маршруты бойынша бұқаралық денсаулық акциясы өтті.

Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, салауатты өмір салтын қолдап, табиғат аясындағы жаяу серуенге белсенді қатысты.

Акция аясында қатысушыларды тіркеу, ашылу салтанаты, туристік маршрут бойынша жүру және спорттық-сауықтыру шаралары ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, ішкі туризмді қолдау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті арттыру.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.