Алматы облысында "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығу өтуде.

Алматы облысында "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығу өтуде.

Алматы облысында "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығу өтуде.

2020 жылғы 5-6 қараша аралығында елімізде "Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау" тақырыбына "Қыс-2020" Республикалық штабтық жаттығуы өткізіледі. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті "Қыс-2020" аумақтық штабтық жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру болып табылады.

Департаменттің дағдарыс орталығында РШТ басшылығының штабы ұйымдастырылды. Жедел штабтың жұмысы ҚР ТЖ министрлігінің Республикалық жедел штабымен бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ облыстық Азаматтық қорғау қызметтерімен Zoom бағдарламасы арқылы онлайн режимінде өтуде.

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың аңызы бойынша "Текелі энергокешені" ЖШС қазандық объектісінің екінші деңгейдегі галереясында қысқа тұйықталу нәтижесінде өрт шығып, қазандық төбесіне өрттің таралу қаупі болды. Өрт салдарынан қазандық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп, Текелі қаласының тұрғындарына жылу энергиясын берілуінің тоқтауына қаупі төнді.

Практикалық іс-шараның мақсатына қол жеткізу үшін өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері қазандықтағы өртті жою, зардап шеккен қызметкерлерді қазандық ғимаратынан эвакуациялау бойынша дағдыларды пысықтады. Оқу-жаттығу барысында өрт аймағынан шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына күйік белгілері бар объектінің қызметкері және иісті газбен улану белгілері бар қызметкер берілді, оларға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейіннен ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, қазандық ғимаратының төбесінен альпинистік жабдықтарды қолдана отырып және оны жедел медициналық жәрдемнің 2-ші бригадасының қызметкерлеріне тапсыра отырып, зардап шегушіні құтқару жүргізілді, олар өз кезегінде зардап шегушіні жарақаттың бар-жоғына қарап, медициналық мекемеге одан әрі жатқыза отырып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Оқу-жаттығуға Алматы облысының ТЖД-39 адам және 10 бірлік техника, АМО-3 адам және 1 бірлік техника, жедел медициналық жәрдем қызметі-2 бригада, "Текелі энергокешені"ЖШС қазандығының АҚ құрлымдары қатысты.

Осындай тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында түрлі тіршілік ету объектілерінде өтті. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметіне бағалау жүргізілді. Жалпы, барлық қызметтер алға қойылған міндеттерді орындады, өткізілген тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың мақсаттарына қол жеткізілді.

"Қыс-2020" жаттығуы шеңберінде бүкіл облыс бойынша төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізілді.

Алматы облысы ТЖД

Текелі қаласы ТЖБ