25 ақпанда Текелі қалалық әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілдік дағдыларын арттыру» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі А. Қалысбаева орталықтың жұмысына тоқталып, Қазтест жүйесінің маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, орталықтың мемлекеттік тілді оқытушысы Қ. Қәдірқан тілдік дағдыларды дамыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және мемлекеттік мекемелердегі іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу бойынша жан-жақты мәліметтер берді.

Оқыту семинарына қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Аппарат басшысының м.а. М. Сүлеймен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.