Халыққа қызмет көрсету орталықтарына – 20 жыл

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына – 20 жыл

14 қараша күні Жетісу облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойына арналған өңірлік іс-шара өтті. Шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма мүшесі Ғалым Каркинбаев, өңірлік әкімдік өкілдері және филиал қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ХҚКО жүйесінің қалыптасу тарихын атап өту, сондай-ақ азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіруге бағытталған жаңа міндеттерді айқындау.

«Әрбір қызметкердің жеке үлесінің маңызын атап өткім келеді. Бүкіл жүйенің сапалы жұмысы – қызметкерлердің кәсібилігі мен жауапкершілігінің нәтижесі. Сонымен қатар кадрлық әлеуетті дамыту және корпоративтік құндылықтарды нығайту бағыттары да ерекше назарда болуы тиіс», – деді филиал директоры Абзал Сапарғалиұлы

Кездесу қорытындысында халыққа қызмет көрсету саласының дамуына елеулі үлес қосқан үздік мамандарды марапаттау рәсімі өтті. Алғыс хаттар мен төс белгілер қазіргі қызметкерлерге ғана емес, саланың ардагерлеріне – зейнеткерлерге және ХҚКО жүйесінің алғашқы күндерінен бері еңбек етіп келе жатқан мамандарға табысталды.