Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Бейбіт Исабаев:
✔️биылғы бірінші жартыжылдықта өңірге 178 миллиард теңге (өсім – 29,5 пайыз) инвестиция тартылғанын айтты.
✔️2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық портфель жасақталып, оған жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 128 жоба енгізілгенін жеткізді. Олардың аясында 10,6 мың жұмыс орны ашылады.
➤ Атап айтқанда, тау-кен байыту комбинаты, «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды паркі, жел электр стансаларының зауыты, халықаралық әуежай салынады.
✔️агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы мәлімет берді.
➤ Биыл облыста 540 мың тонна қызылша жинау және 78 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр.
✔️өңірдің көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетінің жай-күйі, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымдарды салу және жөндеуден өткізу туралы баяндады.
✔️туристік салаға баса назар аударды.
➤ Алакөлдің жағасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр;
➤ Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеуден өткен;
➤ Өңірде кәріз және электр желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда;
➤ «Балқаш» туристік-рекреациялық аймағының бас жоспары әзірленді;
➤ Лепсі ауылы – Балқаш көлі жағалауы автожолы реконструкциядан өтіп, инженерлік инфрақұрылым салу жобасы іске асырылып жатыр;
➤ Жыл соңына дейін Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай автожолының құрылысы аяқталады.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
❗️қант өндірісін одан әрі дамытудың, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етудің, туристік инфрақұрылымды жетілдірудің және демалушыларға қолайлы жағдай жасаудың маңызына тоқталды.
📌тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылауда ұстауды тапсырды.