Жұмыссыз азаматтарды қолдауға бағытталған жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру бағдарламасы аясында 11 өтінім қабылданды.
⠀
Комиссия отырысының нәтижесінде:
•7 жоба мақұлданып, гранттар берілді;
•4 қатысушының өтінімі қабылданбады.
⠀
Грант алған жобалардың авторлары төмендегі мақсатты топтарға жатады:
•Табысы төмен азаматтар – 4 адам;
•Мүмкіндігі шектеулі жандар – 1 адам;
•Кәмелетке толмаған балалары бар асыраушысынан айырылған тұлғалар – 2 адам.
⠀
Қолдау бағдарламасы
Мемлекеттік гранттар – азаматтарға өз ісін бастауға немесе дамытуға қайтарымсыз қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау.
⠀
Өтінімдердің келесі кезеңі жақында басталады. Жаңалықтарды қадағалаңыз!
⠀
📞 Қосымша ақпарат үшін:
📍 Мекенжай: Тәуелсіздік көшесі, 9/1
📧 Электрондық пошта: tekeli_zanjatost@mail.ru
📱 Телефон: 8 (72835) 4-29-41