Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы және «Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, Қытайдың Ұлттық жібек музейі директорының орынбасары Чжан Чэнмин және өзге де мәртебелі меймандар қатысты, деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.