30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.

30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.

Біздің қаламызда «Жастар орталығы» ғимаратының 1-қабатында ұйымдастырылды. Акцияға қаланың кәсіби заңгерлері мен адвокаттары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа тегін түрде заң көмегін көрсетті. Кез-келген азамат қажетті заңгер кеңесін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзін толғандыратын мәселелер бойынша түсіндірме кеңес ала алды.

Жобаның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын дұрыс түсіну және жалпы олардың біркелкі қолданылуы үшін құқық қолдануды түсіндіру. Ол үшін жүгінген кез келген өтініш беруші, заңгер-сарапшылар толыққанды құқықтық көмек көрсетеді. Бұл акцияның негізгі миссиясы.