2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Текелі қалалық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1598 азамат енгізілді. Дауыс беруге -1039 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 2 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Текелі қалалық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 8 сайлау округі бойынша
Долгалев Станислав Анатольевич үшін сайлаушылардың 213 дауысы берілді,
Жамалова Камила Токтасыновна үшін сайлаушылардың 115 дауысы берілді,
Секенов Марлен Айдынович үшін сайлаушылардың 582 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 94;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Текелі қалалық мәслихаттың депутаты болып:
№ 8 сайлау округі бойынша – Секенов Марлен Айдынович, 1993 жылы туған, Текелі қаласы әкімдігінің "Текелі су құбыры" ШЖҚ МКК директоры, қала Текелі сайланды.
Текелі қалалық аумақтық сайлау комиссиясы