Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне шақырамыз!
7 маусымда сағат 17.00-де ЖОО мен колледж түлектері және NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында Талдықорған қаласының мансап орталығымен бірлесіп, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіледі.
Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Жастар мәдениет және демалыс аймағы.
Қосымша сұрақтар болса, мына телефон нөміріне байланысуға болады: 📲+7 (775) 039-58-50
"Жетісу жастары" КММ