2025 жылғы 5 мамыр күні қалалық орталық кітапханасында 9 мамыр- Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында № 12 орта мектептің оқушыларының қатысуымен Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» өлеңін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Шараны кітапхана директоры Сейтжанова Күльпан Калкенқызы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Шарада оқушыларға «Ленинградтық өренім» өлеңінің шығу тарихы таныстырылып, Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді. Шара барысында 5 «Г» сынып оқушылары «Ленинградтық өренім» өленің мәнерлеп оқыса, 1,6,7,9,11 оқушыларының қатысуымен «Жамбыл Жабаев-Ұлы Отан соғысы кезінде» атты көрініс көрсетілді.
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңінің мазмұнын туралы тереңірек түсіндіріп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Шараға 27 оқырман қатысты.